Учебные материалы


Тақырып Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнінің өзіндік құнын калькуляциялау



Карта сайта Переход по ссылке Переход по ссылке Переход по ссылке Переход по ссылке

Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...

Инвестицияны басқару мақсаты - мына салалардағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау; жаңа өнімді әзірлеп енгізу; шығарылатын өнімдерді жетілдіру және жаңғырту (модерниза-циялау); дәстүрлі өнім түрлерін өндіруді одан әрі өркендету; өндірістен ескірген өнімді алып тастау.

Жаңа өнімді әзірлеу саласындағы жаңартпашылык (иннова-циялық) саясат шешім қабылдауға қажетті ақпараттық мазмү-нын, көлемін, түрін қамтамасыз етеді. Инновация процесін алты кезеңге бөлуге болады:

1. Нарықтағы технологиялық өзгерістер, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлеу бөлімдерінен, маркетингтік бөлімшелерден, өткізу бөлімінің ақпаратынан, сауда делдалынан, сатып алүшылардан келіп түскен жаңа енгізулер туралы ақпаратты жинап, жүйелеу; жаңа өнімді әзірлеу және игеру бойынша кәсіпорынның әлеуетті мүмкіндіктері туралы ақпаратты алып, жүйелеу, сондай-ақ тәуекелділіктің деңгейін анықтау.

Бұл кезеңде өнімге деген қажеттілікке байланысты фак-торлар анықталуы керек. Нарықты талдауда басынан басталатын зерттеу жұмысы өнімнің стандартқа сәйкес келуін, сатып алүшылардың назарын өзіне аударып әкететіндей тартымды болуын, өткізу көлемін (үлкен немесе кіші партиямен) және т.б. белгілеуге мүмкіндік тудырады.

2. Жаңа өнім идеясына катысты ақпараттарды іріктеу жаңа немесе ескі өнім технологиясындағы айырмашылық пен ортақтығын анықтау; кәсіпорынның мамандандырылуының жаңа өніммен сәйкестігі.

3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау маркетингтік бағдарламаны әзірлеумен бір мезгілде жүргізіледі; жаңа өнімнің жобасын техникалық жағынан әзірлеу; өнімнің техника лык-экономикалық сипатын іріктеу, оның сапасы мен тұлыну ерекшелігін бағалау; сату көлемімен сұранысты бағалау жаңа өнімді игеру және жасау шығындарын, жаңа өнімнің өтелімділік мерзімін анықтау; жаңа өнімді өндіруге қажетті ресурстардың машина, жабдық, шикізат, материал, жұмыс күші мен қаржының болуы; жаңа өнімді игеру мерзімі және сонымен нарыққа шығу; жаңа өнімнің табыстылығын бағалау және талдау.

4. Жаңа өнімді өндіруді ұйымдастыру - жаңа бұйым өндірумен айналысатын әрбір өндірістік бөлімшелерге өндіру көлемін жоспарлау; үлгілерді жасау және эқологиялық кауіпсіздік талаптарына сай техникалык сынақтан өткізу; тауардың атауын, оның таңбасын, ресімделуін, буып-түюін, таңбалануын (маркировкасын) әзірлеу.

Үш айдың ішінде өнім бағасына қатысты шектеулі нарықты және басқа да коммерциялык жағдайларды (бағаны,коммерциялық кредитті және т.б. арзандату) зерттеу; өткізудің оңтайлы арналарын іріктеу; жарнама құралы мен әдісін таңдау

6. Сату көлемін, өнімнің пайдалылығын, сұраныс пен үсы-ныстың қанағатгандырылу деңгейін, сатып алүшылармен байла-ныстың тұрақтылығын есептеу негізінде жаңа өнімді өндіріске (жаппай, сериялы) жіберу туралы шешім қабылдау; өндірістің қуаттылығы, ресурстар, кызметкерлердің біліктілік құрамы; өн-діру мен өткізудегі инвестицияның жалпы сомасы, есептік ке-зеңдегі пайда мен запал бойынша нәтижелер ұйғаратын қаржы көздері.

Шешім қабылдаудың маңызды өлшемі ретінде тұтас кәсіпорын бойынша өткізу көлеміне жаңа өнімді енгізу әсерінің және басқа бұйымдардың өткізу көлемінің бағасын, сондай-ак әзірлеу, өндіру, өткізу және жарнама шығындарының өтелімдік уақытының бағасы қолданылады.

Загрузка...

Кез келген жағдайда жаңа өнімнің бағасын есептеу және белгілеу үшін кіріс пен шығыс козффициенттері өткізу нүктесі және өнімнің залалсыздық графигі пайдаланылады.

Өнім шығарылғаннан кейін оның сатылу процесіне тексеру жүргізіледі. Оның сатылу қаркыны мен өткізу көлеміне әсер ететін факторлар туралы ақпарат бухгалтерлік есеп беруде тір-келеді.

Жаңа өнімге баға беруден басқа болашақта болатын өнімдер мен жарнама бағалауда, баға анықтауда маңызды орын алатын осы өнімнің сатып алынатын жағдайлары зерттеледі.



edu 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная